Ғалымдар Ай бетінің жаңа ерекшелігін анықтады

10:08, 24 тамыз 2026
MKZ: 1563006

© Сурет: pexels

Ғалымдар Айдың бетін жауып жатқан реголит қабатының – шаң мен үгітілген тау жыныстарының – егжей-тегжейлі картасын жасады, хабарлайды Zakon.kz.

NewsBreak басылымының жазуынша, зерттеушілер 346 жаңа кратерді зерттеп, алынған мәліметтерді 68 нүктедегі өлшемдермен, соның ішінде "Аполлон" миссиялары мен қытайлық ғарыш аппараттарының деректерімен салыстырған.

Зерттеу нәтижелері Айдың ежелгі бөліктеріндегі реголит қабатының орта есеппен қалыңырақ екенін растады. Себебі бұл аумақтар ұзақ уақыт бойы метеориттердің соққысына ұшыраған. Сонымен қатар қабаттың тереңдігі жергілікті геологияға байланысты айтарлықтай өзгеруі мүмкін.

Жасалған карта болашақта Ай базаларын салатын және ресурстар өндіретін орындарды таңдауға көмектесуі мүмкін. Ғалымдардың айтуынша, реголит қабатының жұқа болуы құрылыс жұмыстарын жүргізуге ыңғайлы, ал қалың қабат су және басқа да ресурстарды өндіру тұрғысынан қызығушылық тудыруы мүмкін

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!