Фрайстайл-акробатикадан Қазақстан командасы Еуропа кубогында бақ сынайды

23:05, 8 желтоқсан 2023

© Сурет: olympic.kz

Қазақстандық спортшылар фристайл-акробатикадан Еуропа кубогында жүлдеге таласады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қыздар арасында команда үздігі Жанбота Алдабергенова, Ардана Маханова, Аделина Өмірзақова мен Жолдас Аяна сынға түседі.

Ерлер арасындағы бәсекеде Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов, Роман Погассян, Дінмұхаммед Райымқұлов, Ұланбәкір Өмірзақовтар ел намысын қорғайды.

Айта кетейік, бұған дейін Жанбота Алдабергенова Финляндияда өткен әлем кубогы кезеңінде қола жүлдегер атанған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!