Финляндия құрамасының бас бапкері Олимпиададан шеттетілді
© Сурет: pexels
Финляндияның шаңғы трамплинінен секіру құрамасының бас бапкері Игорь Медвед Олимпиада-2026 ойындарынан ішімдікке қатысты жанжалға байланысты шеттетілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Чемпионат" басылымының мәліметінше, фин спортшылары Олимпиада аяқталғанға дейін бас бапкерсіз өнер көрсетеді. Медвед команда құндылықтарын бұзғаны үшін еліне қайтарылған.
Финляндия Олимпиадалық комитетінің жоғары жетістіктер спорты бөлімінің жетекшісі Янне Ханнинен бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.
"Медвед бүгін үйіне қайтты. Мәселе алкогольге байланысты. Біз ережелердің бұзылуына өте қатаң қараймыз және жедел шара қолданамыз", – деді ол.
Өз кезегінде бапкер жасаған әрекеті үшін кешірім сұрады. Игорь Медвед Финляндия құрамасының бас бапкері қызметін 2024 жылдың жазынан бері атқарып келеді. Бұған дейін ол Словения құрамасы сапында өнер көрсеткен.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:25, 13 ақпан 2026
Шымкенттегі қолайсыз ауа райы: Дендросаябақ жабық, ағаштар құлауда, электр қуаты өшірілді
-
13:16, 13 ақпан 2026
Қайрат Нұртастың қызы көпшілікке өкпесін айтып, хейтерлерге үн қатты
-
13:04, 13 ақпан 2026
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау қызметі қолжетімді болды
-
12:56, 13 ақпан 2026
Жолаушының пойызда жағдайы нашарласа, не істеу керек - маңызды нұсқаулық
-
12:48, 13 ақпан 2026
УЕФА-ның жаңа президенті Қазақстанда сайланады





