УЕФА-ның жаңа президенті Қазақстанда сайланады
© Сурет: Instagram/uefa
Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы 51-ші Конгресс 2027 жылғы 4 наурызда Астанада өтетінін ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz
Sportarena.kz жазуынша, бұл шешім Бельгия астанасы Брюссельде өткен мерейтойлық 50-ші Конгресте жарияланған. Жиын жұмысына Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория қатысты.
УЕФА Конгресі – еуропалық футболдың жоғары басқарушы органы. Ол жыл сайын 55 ұлттық қауымдастықтың өкілдерін біріктіреді.
Конгресс аясында Еуропадағы футболдың стратегиялық дамуын айқындайтын негізгі шешімдер қабылданып, қаржылық және ұйымдастырушылық мәселелер бекітіледі, халықаралық жарыстарды өткізуге қатысты мәселелер қаралады, сондай-ақ УЕФА-ның басшылық органдары сайланады.
51-ші Конгресс сайлау форматында өтеді. Оның барысында УЕФА президенті және ұйымның Атқару комитетінің мүшелері сайланады. Осылайша, алдағы жылдардағы еуропалық футболдың даму бағытын айқындайтын маңызды шешімдер дәл Қазақстанда қабылданбақ.
Конгресті өткізу құқығы УЕФА-ға мүше елдерге футболды дамытуға қосқан үлесі мен сенім белгісі ретінде беріледі. Іс-шараны ұйымдастыру және өткізу шығындарын УЕФА өз қаражаты есебінен қамтамасыз етеді.
Бұған дейін қазақстандық конькимен жүгіруші 2026 жылғы Олимпиада ойындарында екінші мәрте үздік ондыққа енгенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:33, 13 ақпан 2026
Алматыда метроның жаңа бекетіне дейінгі тоннель қазу жұмыстары аяқталды
-
14:28, 13 ақпан 2026
Қазақстандықтарға кедендік баждар мен салықтарды төлеу мерзімдеріне қатысты маңызды мәлімет ескертілді
-
14:11, 13 ақпан 2026
Қазақстанда мұнай, газ және алтын қоры қанша жылға жетеді
-
14:02, 13 ақпан 2026
Білім саласындағы ақпараттық жүйелерге жаңа талап енгізілді
-
13:57, 13 ақпан 2026
Жойылған шахталардың қызметкерлеріне келтірілген залалды өтеу: қағидалар бекітілді





