Қайрат Нұртастың қызы көпшілікке өкпесін айтып, хейтерлерге үн қатты

13:16, 13 ақпан 2026

© Сурет: Instagram/kaalau__

Қазақстанның танымал жұлдыздары Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың қызы Алау желіде көпшілікке назын білдіріп, ересектердің тарапынан қарша жауған хейттерге жауап қатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бойжеткеннің айтуынша, оған көбіне 40-50 жастағы ересектердің тарапынан көңіліне тиетін ауыр сындар айтылады. Желідегі ағайын негізінен жасөспірімнің киімін, сырт келбетін сынға алатын көрінеді.

"Біз – өсіп келе жатқан ұрпақпыз. Бізді қолдау керек. Түсіну керек. Жол көрсету керек. Ал, сіздер бізді қорлайсыздар. Сынды "тәрбие" деп жасырасыздар. Есіңізде болсын: сөз – өте қауіпті қару. Сіздің қарапайым пікіріңіз біреу үшін – жара. Ұят – мен емес. Ұят – ересек адамның баланы кемсітуі. Ұят – жек көруді "тәрбие" деп атау",- деді бойжеткен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от <3

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!