Қостанай облысында интернет арқылы есірткі сату схемасы әшкереленді
© Сурет: polisia.kz
Жітіқарада интернет арқылы есірткі сату схемасы әшкереленді, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицейлер интернет арқылы есірткі заттарын таратудың жолын кесті. Жедел іс-шаралар барысында Жітіқара қаласының 18 жастағы тұрғыны ұсталды.
"Пәтерді тінту кезінде электронды таразы, орау материалдары, ұялы телефондар және ұнтақ тәрізді заттар табылып, тәркіленді. Алынған заттардың жалпы салмағы шамамен 800 грамм болды", - деп хабарлады полиция.
Алдын ала мәлімет бойынша күдікті мессенджер арқылы жұмыс істеген интернет-дүкенмен байланысты болған.
Қазіргі уақытта сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:16, 12 ақпан 2026
Қарағандыда 19 жастағы туысының алтын бұйымын ұрлаған
-
20:55, 12 ақпан 2026
13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
20:02, 12 ақпан 2026
Астанада сырт киім сататын дүкеннен қымбат күртеше ұрлаған күдіктілер ұсталды: видео
-
19:31, 12 ақпан 2026
Тоқаев қару айналымын бақылауды күшейтетін заңға қол қойды
-
19:23, 12 ақпан 2026
Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышы қыздардың жекелей сайыстағы нәтижесі





