Әзірбайжан Президенті ел парламентін таратты
© Сурет: meclis.gov.az
28 маусымда Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев парламентті таратып, сайлау күнін белгіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Президент Ильхам Әлиев VI шақырылымдағы Әзірбайжан Республикасының Милли Мәжілісін тарату және Әзірбайжан Республикасының Милли Мәжілісінің кезектен тыс сайлау күнін белгілеу туралы бұйрыққа қол қойды. Аталған бұйрыққа сәйкес, VI шақырылымдағы Әзірбайжан Республикасының Милли Мәжілісі таратылады. Әзірбайжан Парламентінің кезектен тыс сайлауы 2024 жылдың 1 қыркүйегіне белгіленді", деп РИА Новости Президенттің баспасөз қызметінің хабарламасын алға тартады.
Негізі, Парламенттің өкілеттік мерзімі 2025 жылы аяқталуы тиіс болатын.
Парламентті тарату туралы шешім 20 маусымда "Ени Әзірбайжан" басқарушы партиясының отырысында қабылданды, содан кейін депутаттар Әлиевке тиісті үндеу тастады, деп жазады Report.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:52, 4 қараша 2024
СҚО прокуратурасы жастар арасында суицидті уағыздайтын Telegram-дағы ойындарды бұғаттады
-
22:43, 4 қараша 2024
Францияның мәдениет министрі: Тоқаевтың сапары мәдениетке қатысты мәселелерді қамтитынына қуаныштымын
-
22:18, 4 қараша 2024
Павлодарда сотта мүгедек жан өзін зорлаған адамға кешірім берген
-
22:01, 4 қараша 2024
Қытай даму институтымен Alatau арнайы экономикалық аймағы бойынша ынтымақтастық орнатылады
-
21:33, 4 қараша 2024
Тоқаев Францияға мемлекеттік сапармен келіп жетті