Әз Жәнібек сұлтанға арнап XIV ғасырда жазылған қолжазба табылды
© Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
1334 жылы Әз Жәнібек сұлтанға арнап жазылған 96 беттік қолжазба табылды. Қолжазбада Әз Жәнібек ханның түпатасы Шыңғыс ханнан өз әкесі Өзбек ханға дейінгі ататегі қысқаша алтын нақышпен беріліп, негізгі мәтінде хикметтер туралы баяндалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қолжазбаның ішкі мұқабасында Осман сұлтаны ІІ Баязидтің (1447-1512) мөрі қойылған.

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Аталған тарихи мұраны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен "Архив-2025" кешенді жоспары аясында Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында Орталық мемлекеттік архивінің қызметкері, қазақ ғалымы Өмірбек Қанай анықтады.
Қазіргі таңда аса құнды қолжазбаның көшірмесі Қазақстанға жеткізіліп, әрі қарай зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:33, 15 маусым 2026
Желідегі шудан соң Алматының орталығында ілінген, қазақшасы қате-қате баннер алынып тасталды
-
22:14, 15 маусым 2026
«Ақерке». Димаш жаңа әні шыққанын айтып, жанкүйерлерін елеңдетіп қойды
-
21:49, 15 маусым 2026
«Найзағай, бұршақ, аптап ыстық». Сейсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:15, 15 маусым 2026
Алакөлде шетелдік қос турист суға батып кете жаздады
-
20:52, 15 маусым 2026
Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды





