«Құрметті азамат» атағы кімдерге және қалай беріледі
© Фото: Zakon.kz
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 9 маусымдағы бұйрығымен "Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы" атағын беру жөніндегі үлгілік қағидалар бекітілді.
Құжатқа сәйкес, "Құрметті азамат" атағы қоғамның өңірдің дамуына елеулі еңбек сіңірген азаматтардың көпжылдық жемісті қызметі мен белсенділігін мойындауының белгісі болып табылады. Сондай-ақ бұл марапат азаматтардың еңбек және қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған.
Аталған атақ Қазақстан азаматтарына және өңірде кемінде 10 жыл еңбек еткен шетел азаматтарына беріледі.
Үміткерлер төмендегі талаптардың кемінде біріне сай болуы тиіс:
- кәсіби немесе азаматтық борышын атқару кезінде ерлік көрсетіп, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға үлес қосқандар;
- мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқару саласында тиімді қызмет атқарып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткерлері;
- қоғамдық және қайырымдылық қызметте ерекше жетістікке жеткен азаматтар;
- спорт, мәдениет, ғылым, білім, денсаулық сақтау, құрылыс, кәсіпкерлік, бизнес және ауыл шаруашылығы салаларының дамуына үлес қосқандар;
Тәуелсіз Қазақстанның тұтастығын сақтауға, этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайтуға ерекше еңбек сіңірген тұлғалар.
Атақ беру туралы ұсыныстарды жергілікті атқарушы органдар, шығармашылық одақтар және басқа да ұйымдар енгізеді. Өзін-өзі ұсынған азаматтардың өтініштері қаралмайды.
Сонымен қатар "Құрметті азамат" атағы:
- соттылығы заңда белгіленген тәртіппен алынбаған немесе өтелмеген тұлғаларға;
- сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған адамдарға берілмейді.
Қайтыс болған азаматтарға бұл атақ ел мүддесін қорғау кезінде немесе адам өмірін құтқару барысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін қайтыс болғаннан кейін берілуі мүмкін.
"Құрметті азамат" атағы екі жыл сайын Қазақстанның және шетелдің он азаматына дейін беріледі. Ал облыс, қала немесе ауданның мерейтойы қарсаңында бес жыл сайын қосымша бес адамға дейін осы атаққа ие бола алады.
Тиісті мәслихаттың атақ беру туралы шешімі жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Жаңа қағидалар 2026 жылғы 23 маусымнан бастап күшіне енеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:23, 15 маусым 2026
«Медеу» маңындағы автотұрақ уақытша жабылады
-
12:15, 15 маусым 2026
Жеке бизнесті қолдауға арналған мемлекеттік кепілдік беру тәртібі бекітілді
-
12:07, 15 маусым 2026
Алматының әл-Фараби даңғылындағы өліммен аяқталған жол апаты: сотта оқиғаның мән-жайы талқыланды
-
11:53, 15 маусым 2026
Атырау облысында мыңнан астам қой мен ешкі қырылды
-
11:47, 15 маусым 2026
Қызылорда облысында 86 шетелдік азамат елден шығарылды





