Евгений Чебатковтың қазақстандық жанкүйерлері желіде «наздарын» білдіруде

14:39, 25 сәуір 2025

© Сурет: Instagram/chebatkov_yevgeniy

Қазақстанның тумасы, танымал ресейлік стенд-ап-комедияшы Евгений Чебатков "На других берегах" атты гастрольдік турын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өнер иесі 2025 жылдың қазан, қараша айларына жоспарланған сапардың аңдатпасын өзінің Instagram парақшасында жариялады.

"Мен сіздерді күзде концерттерде күтемін",- деді Чебатков жазбада.

Бұл ретте, стенд-ап-комедияшының қазақстандық жанкүйерлері өз наздарын білдірді.

  • Тізімде Қазақстан жоқ па?
  • Қазақстанға қашан?
  • Не болса да туған жерден бастау керек пе еді?!
  • Шыққан жерді ұмытпайық, бауырым)
  • Қазақстанда күтеміз)
  • Алматыға қашан?
  • Сөйтіп Қазақстан қайда
  • Астана тек маған ғана көрінбей тұр ма

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің қарындасының көпшілікті өзінің нәзіктігімен тәнті еткендігі жайлы жазған болатынбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!