Еуропалықтардың дені жылына бір кітап оқиды
© Сурет: pixabay
Еуропалықтардың 70 пайызы жылына кем дегенде бір кітап оқиды. Швеция, Дания, Бельгия тұрғындары тіпті жазғы демалыста 2,5 томды бір-ақ тауысады екен.
Өскелең ұрпақтың кітап оқуға қызығушылығын арттыруды Еуропа елдері балабақшадан бастайды. Мектептерде "оқу сағаты" енгізілген.
Яғни күн сайын оқушылар мен ұстаздар сабақтың ортасында 15 минут тапжылмай, ұнаған кітабын оқиды, деп жазады qazaqstan.tv.
Сондай-ақ көшелерде, саябақтарда арнайы жәшіктер орнатылған, ұнаған туындыны тегін алуға болады. Және ескі кітаптарды тиын-тебенге сататын дүкендер көп.
"Мен аптасына 2-3 кітап оқимын. Тарих, қазіргі заманғы өнер, музыка, діни кітаптарды жаным сүйеді. Миым тынығады. Жастар ұялы телефон шұқылап, уақытын босқа өткізбеу үшін ата-ана, үкімет балалардың кітапқа қызығушылығын арттыруы тиіс." Дидье Корель, Брюссель қаласының тұрғыны
Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнінен бөлек Еуропалықтар ұлттық кітап күнін атап өтеді. Бұл күні тұрғындарға кітап сатып алуға айтарлықтай жеңілдік жасалады және тың туындыларды талқылау үшін түрлі байқаулар ұйымдастырылады. Қарт құрлық елдері кітап оқудан әлемдегі көшбасшы.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:24, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан – Жапония: атом энергиясы саласында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылды
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Аяз бен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Қатты суық пен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:00, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев Санкт-Петербургке барады
-
14:56, 20 желтоқсан 2025
Біріккен Араб Әмірліктерін су басты: қаза тапқандар бар





