Ет жемекші болған астана тұрғыны тұншығып қайтыс болды

© Сурет: pixabay
Ақмола облысында ер адам тамақтану кезінде жазатайым оқиға салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2023 жылғы 22 наурызда Сандықтау аудандық полиция бөліміне аудан ауылдарының бірінде Астана тұрғынының қайғылы жағдайда қаза тапқаны туралы учаскелік полиция инспекторының хабарламасы келіп түсті.
Куәгерлердің айтуынша, ер адам ет жеу кезінде тұншығып қалған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адамның өлімі тыныс алу жолдарында тұрып қалған тағамға байланысты механикалық асфиксия нәтижесінде пайда болған.
Ер адам елді мекенде қонақта болғаны белгілі болды. Астаналықтың қаза болуының нақты себептері сот-медициналық зерттеу барысында анықталатын болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:00, 28 мамыр 2023
Екібастұзда шетел азаматы тиісті рұқсатсыз газет тасыған
-
11:47, 28 мамыр 2023
Бүгін Алматыда, Астанада және тағы 3 қалада ауа лас болады
-
11:00, 28 мамыр 2023
Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі басталды
-
10:40, 28 мамыр 2023
Қостанайда мектеп оқушысы 4-қабаттан құлап кетті
-
10:18, 28 мамыр 2023
Ақтөбе облысында екі бала суға батып мерт болды