Есту қабілеті бұзылған ер адам мектеп оқушыларын жүргізуші куәлігінсіз тасымалдаған
© Сурет: Zakon.kz
Ұлытау облысы Қаражал қаласының прокуратурасы жүргізген тексеру барысында медициналық қарсы көрсетілімдері бар және көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған тұлғаның мектеп автобусын басқаруға заңсыз жол берілгені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Анықталғандай, аталған азамат психоневрологиялық ауру бойынша диспансерлік есепте тұрады (жеңіл дәрежедегі ақыл-ой кемістігі), бала кезінен мүгедек (қайта куәландыру мерзімінсіз), сондай-ақ есту қабілеті бойынша екінші топтағы мүгедек болып табылады. Бұған қоса, заңды күшіне енген сот шешімімен ол жүргізуші куәлігінен айырылып, көлік құралдарын басқару құқығы болмаған.
Соған қарамастан, Қаражал қаласының жалпы білім беретін мектептерінің бірінде ол жүргізуші лауазымына қабылданып, "ПАЗ-423470" маркалы мектеп автобусымен оқушыларды тасымалдаған.
"Көрсетілген шектеулері бар әрі жүргізуші куәлігі жоқ тұлғаны балаларды тасымалдауға жіберу 129 кәмелетке толмағанның өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген. Себебі жүргізуші дыбыстық сигналдарды толық қабылдай алмай, жол жағдайына және төтенше ахуалдарға жедел әрекет ету мүмкіндігінен айырылған, бұл ауыр салдарға әкелуі мүмкін жол-көлік оқиғаларының тәуекелін арттырған", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, жүргізуші мен білім беру ұйымының басшысы арасында жақын туыстық байланыстардың болуына байланысты мүдделер қақтығысының белгілері анықталды.
Прокурорлық қадағалау актісі нәтижесінде аталған жүргізуші мектеп автобусын басқарудан шеттетілді, кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:11, 13 мамыр 2026
Ақтаудың орталығында жер астынан ыстық су атқылады: видео
-
21:41, 13 мамыр 2026
Абай облысында 170 келіге жуық заңсыз ауланған балық тәркіленді
-
21:11, 13 мамыр 2026
Жаңбыр, қар, үсік: 14 мамырда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
20:36, 13 мамыр 2026
Қазақстан ИСЕСКО Атқарушы кеңесі төрағасының орынбасары болып сайланды
-
20:01, 13 мамыр 2026
Өскеменде депутат шенеунікке пара бергені үшін 100 млн теңге айыппұл арқалады





