Әскердегі сарбазға анасы тосын сый жасады
© Сурет: polisia.kz
ІІМ Ұлттық ұланының 5548 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген қатардағы жауынгер Оңғарсын Ақмуратовтың анасы Илья Сақтағанқызы баласын туған күнімен арнайы барып құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шымкент қаласынан ұзақ жол жүріп барған ана ұлын көрген сәтте көзіне жас алды. Туған күнінде анасының жанында болғаны сарбаз үшін үлкен сый болды.
"Баламның әскери борышын абыроймен өтеп жатқанына мақтанамын. Сағынышым қойныма сыймаса да, оның ел қорғау жолындағы қадамына қолдау білдіремін. Әрбір ата-ана үшін баласының амандығы мен елге адал қызмет етуі – ең бастысы", - деді анасы толқып.
Қатардағы сарбаз Оңғарсын Ақмуратов – 9 ай бойы Отан қорғау міндетін адал атқарып келе жатқан жауынгер. Ол маусым айында әскери қызметін аяқтап, туған жеріне, отбасына оралады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:41, 19 желтоқсан 2025
Өскеменде өрт кезінде қарт әйел зардап шекті
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді





