Әскерде қызмет еткен қазақстандықтар ТЖМ оқу орындарына конкурстан тыс түсе алады

© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ТЖМ ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын арнаулы оқу орнына оқуға қабылдау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТЖМ арнаулы оқу орнына түсуге ниет білдірген қазақстандықтар тіркелген жері бойынша өз облыстары мен қалаларының Төтенше жағдайлар департаменттерінің кадр қызметіне еркін нысанда өтініш беретіні айтылады.
Бұл ретте, мерзімді әскери қызмет өткерген және мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңінде өткізілетін конкурстық іріктеуден өткен және ТЖМ арнаулы оқу орнына түсуге ниет білдірген азаматтар қатарындағы адамдар мерзімді әскери қызметтен босатылған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей өтінішпен жергілікті жер бойынша ТЖД кадр қызметіне еркін нысанда жүгіне алады.
Өтінішке (қағаз немесе электрондық форматта) қоса беріледі:
- мерзімді әскери қызмет өткерген және конкурстық іріктеуден өткен адамдарды қоспағанда, артықшылықтардың болуын растайтын құжаттар;
- мерзімді әскери қызмет өткерген және конкурстық іріктеуден өткен адамдарды қоспағанда, Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) сертификаты;
- конкурстық іріктеуден өткені туралы сертификат (мерзімді әскери қызмет өткерген және конкурстық іріктеуден өткен адамдар үшін).
Сондай-ақ, ережеге мерзімді әскери қызмет өткерген және конкурстық іріктеуден өткен азаматтар қатарынан оқуға үміткерлер дене шынықтыру даярлығын тексеруден босатылатыны қосылды.
Бұл ретте мерзімді әскери қызмет өткерген және конкурстық іріктеуден өткен және алдын ала және түпкілікті медициналық куәландыру кезінде оқуға жарамды деп танылған, сондай-ақ міндетті арнайы тексеруден өткен азаматтар қатарынан оқуға кандидаттар ТЖМ арнаулы оқу орнына конкурстан тыс, бірақ арнаулы оқу орнында білім алушылардың жыл сайынғы санының 5% - нан аспайтын мөлшерде қабылданады
Құжат 28 маусымға дейін ашық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:09, 27 наурыз 2025
Шығыс Қазақстан облысында жас жұбайларды өлтіріп кетті
-
21:46, 27 наурыз 2025
Алматы облысында мектеп түлегі ҰБТ-дан 140 балл жинады
-
21:06, 27 наурыз 2025
Түркістан облысында үйінде есірткі өндіретін фитозертхана ұйымдастырған күдікті ұсталды
-
20:40, 27 наурыз 2025
Таразда жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапқа тартылды
-
20:18, 27 наурыз 2025
Әйелдер күресінен Азия чемпионатында үш қазақстандық балуан қола медаль үшін бақ сынайды