Есірткі таратушы актер ұсталды: полиция «синтетиканың» 4 мың дозасын заңсыз айналымға жібермеді
© Фото: Zakon.kz
Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы күресті күшейту бағытында ауқымды жұмыстар атқаруда. Жуырда Көкшетау қаласында байланыссыз тәсілмен есірткі сатумен айналысқан азамат қолға түсті.
Тінту барысында оның пәтерінен электронды таразы, арнайы жабдықтар және жалпы салмағы 1,5 келіге жететін мефедрон мен "аlfa-PVP" синтетикалық есірткісі тәркіленді.
Қылмыстық әрекеттің дәлелдерін тереңдете зерттеу үшін күдіктінің телефоны тексеріліп, есірткі жасырылған орындардың нақты координаттары анықталды.
Соның нәтижесінде 4500 доза есірткі айналымға түспей, дер кезінде тосқауыл қойылды.
Тергеу барысында белгілі болғандай, күдікті бұған дейін отандық сериалдарға түскен. Ол өз кінәсін толық мойындап, қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Құзырлы органдар сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:12, 27 қараша 2024
Депутат Үкіметке кадр тапшылығы мәселесін шешудің оңтайлы жолдарын ұсынды
-
18:54, 27 қараша 2024
Ақтауда жертөледен ер адамның денесі табылды
-
18:46, 27 қараша 2024
Қостанайда ғимарат терезесін сындырған ер адамға 265 мың теңге төлеу міндеттелді
-
18:36, 27 қараша 2024
Ғылым министрі докторанттарға қатысты жағымды жаңалығымен бөлісті
-
18:24, 27 қараша 2024
Путинді Ақорда резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті