Есірткі бизнесі: Ұлттық қауіпсіздік комитеті бір айда 18 арнайы операция жүргізді
© Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі
2023 жылдың қараша айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша 18 операция жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның мәліметінше, есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен топтың 27 мүшесі ұсталды.
"Халықаралық ынтымақтастық аясында Қырғыз Республикасының арнайы қызметтерімен бірлесіп, Алматы қаласынан Бішкек қаласына 10 кг мефедронның контрабанда арнасы бейтараптандырылды. Алматы өңірінде психотроптық заттарды өндіру бойынша 2 ірі жасырын зертхананың және елордада кокаин сатуға мамандандырылған 1 топтың қызметі тоқтатылды." ҰҚК баспасөз қызметі
Сонымен қатар, Павлодар және Семей қалаларында "дизайнерлік" деп аталатын есірткіні жеткізудің өңірлік арнасы жойылып, құрамында есірткі заттары бар 500 гашиш майы капсуласы мен вейп-темекілер табылды.
"Жалпы заңсыз айналымнан "синтетика" өндіруге арналған 150 кг-нан астам есірткі және 150 кг химиялық прекурсорлар тәркіленді." ҰҚК баспасөз қызметі
Есірткі бизнесіне қарсы іс-шаралар жалғасуда.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:25, 26 қазан 2024
Алматыда Әбдіжәміл Нұрпейісовтың 100 жылдығына арналған конференция өтті
-
17:51, 26 қазан 2024
Ақмола облысында жеке тұрғын үйде өрт шықты
-
17:07, 26 қазан 2024
Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты
-
16:11, 26 қазан 2024
Жексенбіде елдің бірнеше өңірінде жаңбыр жауып, дауыл мен екпіні күшті жел соғады
-
15:45, 26 қазан 2024
Қостанай облысында жеңіл көліктің түгі қалмай өртеніп кетті