Есілде мұз жарылып, суға батқан ер адам көз жұмды

12:13, 20 қараша 2019

Ақмола облысында Есіл өзенінде мұз жарылып, ер адам суға түсіп көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

- 19 қарашада Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері Ақмола облысы Атбасар ауданындағы Тельман ауылынан екі шақырым жерде Есіл өзенінен 1954 жылы туылған ер адамның өлі денесін судан алып шықты, - деп хабарлады төтеншеліктер.

Куәгерлердің айтуынша, мұз жарылып, ер адам суға кеткен. Өлімнің мән-жайы анықталуда.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарды қазір мұз үстінде жүру өте қауіпті екенін ескертеді. Қарашадан желтоқсанға дейінгі өзен бетіндегі мұз жұқа болып келеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!