Ермекбаев Президентке ҚР Қарулы күштерінің бүгінгі жай-күйі туралы баяндады
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.
Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысына Қазақстан армиясының штаттық құрылымын оңтайландыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар, қару-жарақтарды, әскери техника мен оқ-дәрілерді инвентаризациялау және тексеру, коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес, сондай-ақ, жүзеге асырылып жатқан ірі инфрақұрылымдық жобалар туралы баяндалды.
Қорғаныс министрі Мемлекет басшысына қазіргі уақыттағы сын-қатерлерді ескере отырып, Қарулы Күштердің жаңа келбетін қалыптастыру, түрлі табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жою кезінде әскери қызметшілерді жұмылдыру мүмкіндігі мен қажеттігі жайында мәлімет берді.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Ермекбаевтың әскери бөлімшелердің дайындығы, мемлекеттік қорғаныс саласындағы тапсырыс мәселелері, бюджет мүмкіндіктерін ескере отырып, әскери техникамен жабдықтау, Қорғаныс министрлігін автоматтандыру және цифрландыру жөніндегі есебін тыңдады.
Жоғарғы Бас қолбасшы еліміздің қорғаныс қабілетін күшейтуді, Қарулы Күштердің жабдықталуын жақсартуды, шығындарды оңтайландыруды, әскери қызметшілердің білім деңгейін көтеріп, біліктілігін арттыру мүмкіндіктерін пысықтауды тапсырды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:16, 26 сәуір 2024
Ақтөбе облысында 20 тонна азық-түлік дәмдеуіштері бар жүк көлігі өртеніп кетті
-
20:46, 26 сәуір 2024
Путинцева Мадридте әлемнің сегізінші ракеткасынан айласын асырды
-
20:11, 26 сәуір 2024
Синоптиктер елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады
-
19:49, 26 сәуір 2024
Павлодарда болған жол көлік оқиғасынан үш адам зардап шекті
-
19:30, 26 сәуір 2024
Анна Данилина Португалиядағы турнирдің жартылай финалына шықты