Ерлі-зайыпты Ердоғандар НАТО саммитіне қатысушылардың құрметіне салтанатты кешкі ас берді
© Сурет: Instagram/rterdogan
7 шілде күні Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған мен жұбайы Эмине Ердоған НАТО-ның 36-саммитіне қатысу үшін келген мемлекет және үкімет басшыларына, сондай-ақ олардың жұбайларына арнап салтанатты кешкі ас ұйымдастырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Анкарадағы президенттік кешенде өткен бұл шара бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуынсыз, жабық форматта өтті.
Кешкі ас туралы пікірін Түркияның бірінші ханымы Эмине Ердоған әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
"Әлемдік қауымдастық алдында тұрған ортақ сын-қатерлерге шешім іздеу күшейіп жатқан кезеңде бұл маңызды саммит диалог пен өзара келісім мәдениетін одан әрі нығайтуға ықпал етеді деп сенемін", – деп жазды ол саммитке қатысушылардың ортақ суретін жариялап.
7 шілде күні Түркияға НАТО-ға мүше 32 мемлекеттің президенттері мен үкімет басшылары келді. Сонымен қатар саммитке Украина, Жапония, Оңтүстік Корея, Австралия және Жаңа Зеландияның басшылары, сондай-ақ Еуропалық одақтың өкілдері де қатысуда.
Саммиттің негізгі жұмыс отырыстары 8 шілде, сәрсенбі күні өтеді.
Анкарадағы кездесулердің басты тақырыптары – Украинаға Ресейдің әскери іс-қимылдарына қарсы қорғануға көрсетілетін қолдау және Еуропаның қорғаныс қабілетін күшейту. Сондай-ақ болашақта альянс аясындағы қорғанысқа қатысты жауапкершіліктің негізгі бөлігін Еуропадағы НАТО-ға мүше мемлекеттер өз мойнына алуы мәселесі талқыланады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:35, 8 шілде 2026
ҚТЖ басшысының міндетін уақытша атқаратын тұлға белгілі болды
-
13:28, 8 шілде 2026
Ұлытау облысында кәсіпорын директорының пара беру әрекеті әшкереленді
-
13:17, 8 шілде 2026
Қазақстанда аптап ыстық күшейеді: кей өңірлерде ауа температурасы +45°С-қа дейін көтеріледі
-
13:02, 8 шілде 2026
Тоқаев радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы заңға қол қойды
-
12:56, 8 шілде 2026
Қарсыласын балағаттап, сес көрсеткен боксшы жеңіліс тауып, артынша полиция бөлімшесінен бір-ақ шықты









