Қазақстанда аптап ыстық күшейеді: кей өңірлерде ауа температурасы +45°С-қа дейін көтеріледі

13:17, 8 шілде 2026

© Фото: unsplash

Қазақстанның басым бөлігінде алдағы күндері аптап ыстық күшейіп, ауа температурасы +45°С-қа дейін жетеді. Елдің батысы мен солтүстік-батысында ғана нөсер жаңбыр жауып, ыстықтың беті қайтуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 9, 10 және 11 шілдеге арналған ауа райы болжамында мәлімдеді.

Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің батысы мен солтүстік-батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, кей жерлерде қатты жаңбыр мен екпінді жел күтіледі.

9 шілдеде еліміздің шығысында әлі де жаңбыр мен найзағай сақталып, кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Кейін бұл өңірде жауын-шашын тоқтап, ауа райы ашық болады.

Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай жалғасады.

Еліміздің қалған аумағында жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы сақталады.

Күндізгі ауа температурасы:

  • батыс пен оңтүстік-шығыста – +33...+42°С;
  • солтүстік-батыс, солтүстік және орталық өңірлерде – +32...+40°С;
  • оңтүстікте – +38...+45°С;
  • шығыста – +30...+38°С дейін көтеріледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!