Ербол Хамитовқа «Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді
© Сурет: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пара биатлоннан Миланда өткен қысқы Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовпен және жаттықтырушыларымен кездесті.
2026 жылдың 27 наурызында туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, кездесу барысында министр отандық спорттың дамуына қосқан елеулі үлесі мен халықаралық ареналардағы жоғары жетістіктері үшін Ербол Хамитовқа "Еңбек сіңірген спорт шебері" атағын табыстады.
Ербол Хамитов – Қазақстанның пара спорттағы әлемдік деңгейдегі жетекші спортшыларының бірі. Оның басты ерекшелігі – әмбебаптығы. Ол пара шаңғы жарысы мен пара биатлонда бірдей жоғары нәтижелер көрсетіп, төзімділік, дәлдік және тактикалық шеберлікті шебер ұштастыра біледі. Сонымен қатар ол пара биатлоннан Әлем кубогінің жалпы есебінде жеңіске жетіп, Хрусталь глобусты иеленген Қазақстан тарихындағы алғашқы спортшы атанды.
Сондай-ақ ол жуырда Италияның Милан-Кортина қалаларында өткен XIV қысқы Паралимпиадада Ербол Хамитов ел қоржынына пара биатлоннан алтын, пара шаңғы жарысынан қола медаль салды.
Бұдан бөлек, министр Ербол Хамитовтың жаттықтырушылары – Аслан Тоқбаев, Василий Коломиец және Антон Ждановичті Құрмет грамотасымен марапаттады.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Ербол Хамитовқа ІІІ дәрежелі "Барыс" орденін табыстаған болатын. Ал Василий Коломиец пен Антон Жданович "Парасат" орденімен, Аслан Тоқбаев "Құрмет" орденімен марапатталды.
Кездесу барысында Ербол Мырзабосынов мықты спортшылар мен кәсіби спорт менеджерлерін қолдаудың маңызын ерекше атап өтті. Өйткені олардың жетістіктері Қазақстанның халықаралық деңгейдегі беделін арттыруға зор үлес қосады.
Айта кетейік, бүгінде елімізде пара спорттың 19 түрі қарқынды дамып келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 66 159 мүмкіндігі шектеулі азамат жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысады. Қазіргі таңда республикада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Республикалық спорттық даярлау орталығы, 16 спорт клубы, Алматы облысында спортты дамыту дирекциясы және 2 арнайы спорт мектебі жұмыс істейді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:09, 27 наурыз 2026
Алматыдағы жантүршігерлік жол апатынан кейін жылдамдық шектеулері енгізілуі мүмкін бе
-
11:58, 27 наурыз 2026
Маңғыстау облысында есірткі қылмысына тосқауыл қойылды
-
11:43, 27 наурыз 2026
Қазақстанда 10 сәуірде қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалайтын КАЗТЕСТ өтеді
-
11:25, 27 наурыз 2026
Премьер‑министр Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында сауда және логистика мәселелерін қозғады
-
11:16, 27 наурыз 2026
Қарағанды облысында жолаушылар тасымалы саласындағы заң бұзушылықтар анықталды





