Маңғыстау облысында есірткі қылмысына тосқауыл қойылды

11:58, 27 наурыз 2026

© Фото: Zakon.kz

Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

Іс-шара барысында 4 адам ұсталды. Тінту және тексеру кезінде 3,7 келі марихуана тәркіленді.

Сонымен қатар телефондар мен электронды таразы айғақ зат ретінде алынды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Тергеу мүддесіне сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!