Ер адам мәйітханада «тіріліп», темекі сұрады: оқиға видеоға түсіп қалды
© Сурет: pexels
Нигерияда жол апатынан зардап шеккен мотоцикл жүргізушісі жергілікті мәйітханада күтпеген жерден есін жиып, ең алдымен темекі сұраған. Бұл таңғаларлық оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Pulse.ng басылымының жазуынша, тосын оқиға Дельта штатында, Эвврени елді мекенінің маңында болған. Мотоцикл қатысқан жол апатынан кейін ер адам қайтыс болды деп есептеліп, мәйітханаға жеткізілген.
Алайда біраз уақыттан кейін оның тіршілік белгілері байқалған.
Әлеуметтік желілерде тараған видеода аман қалған ер адамның денесіне дәстүр бойынша марқұмдарға жағылатын ақ ұнтақ себілгені көрінеді. Жергілікті тұрғындар оның аман қалғанына қатты қуанып, бір-біріне тәттілер таратып, мерекелеген. Ал видеоның сыртындағы дауыстардан ер адамның от тұтатып беруін сұрағанын естуге болады.
Shocking video of man declared dead after a road accident waking up inside a mortuary, leaving people in total shock. https://t.co/xbVs4vpZ7N
— Nigeria Stories (@NigeriaStories) November 14, 2026
"Осы оқиғадан кейін оған медициналық тексеруден өту қажет", – деді жергілікті тұрғындардың бірі видеода.
Бұл оқиға әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Бірі мұны ғажайып жағдай деп бағаласа, енді бірі елдегі медицина қызметінің сапасына алаңдаушылық білдіріп, мұндай қателіктің алдын алуға болатынын жазған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:55, 19 қараша 2026
Қазақстандық танымал футболшы, төреші әрі жаттықтырушы Николай Дрютов қайтыс болды
-
09:39, 19 қараша 2026
Қашқын қылмыскер полицейлерден көмек сұрап, өзі түрмеге түсті
-
09:28, 19 қараша 2026
Қостанай тұрғыны алаяқтарға кеткен 700 мың теңгесін сот арқылы қайтарды
-
09:16, 19 қараша 2026
Алматыда ет өнімдері ұсынылатын «Соғым FEST» жәрмеңкесі өтеді
-
09:09, 19 қараша 2026
«Заң мен тәртіп»: Ұлытау облысында мемлекеттік қызметшілер «Антипараквест» ойынына қатысты





