Энергетика министрлігінің функциялары кеңейтілді
© Сурет: senate.parlam.kz
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 24 тамыздағы қаулысымен Энергетика министрлігі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, министрліктің жаңа функциялары белгіленді. Олардың қатарында:
- мемлекеттік қызметтерді цифрлық және проактивті форматқа көшіруді қамтамасыз ету, соның ішінде цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне автоматтандырылған қол қоюды қолдану;
- "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;
- мемлекеттік қызметшілердің еңбек тәртібі қағидаларын бекіту;
- мемлекеттік заңды тұлғаларда басқарушылық функцияларды орындауға байланысты лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту.
Сонымен қатар министрліктің бірқатар өкілеттігі жаңа редакцияда жазылды.
Атап айтқанда, министрлік мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп, олардың уақтылы қабылдануын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ олардағы қайшылықтар мен олқылықтарды жояды.
Министрліктің бірінші басшысының өкілеттіктері де нақтыланды. Ол өзіне бағынысты комитеттердің басшыларын, министрліктің аумақтық бөлімшелерінің басшыларын және министрлікке қарасты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындап, қызметтен босатады.
Қаулыда министрліктің аппаратын аппарат басшысы басқаратыны да көрсетілген. Ол министрліктің бірінші басшысы тарапынан қызметке тағайындалып, қызметтен босатылады.
Қаулы 2026 жылғы 6 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:52, 27 тамыз 2026
27 тамыздағы сауда-саттықта доллар бағамы тағы өсті
-
15:41, 27 тамыз 2026
Ашуға бой алдырған такси жүргізушісі сотталды
-
15:36, 27 тамыз 2026
Бензинге қатысты шағымдар толастар емес: бірнеше өңірде жанармай сапасы тексеріледі
-
15:28, 27 тамыз 2026
Кірістер мен мүлік туралы декларация: сыйға берілген пәтерді көрсету керек пе
-
15:19, 27 тамыз 2026
Астанада жол бойына ғимараттар мен құрылыстар салуға тыйым салынды





