Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыссыз қалғандарға төлем алу тәртібін түсіндірді
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Бүгін, 2026 жылғы 27 ақпанда Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлем туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрліктің ақпаратына сәйкес, 1 ақпандағы жағдай бойынша жұмыстан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылар саны 127,1 мың адамды құраған. Оның ішінде 25,6 мың азаматқа бұл төлем биыл тағайындалған.
Айта кетейік, аталған төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысқан және жұмыстан айырылған азаматтарға тағайындалады. Төлем мөлшері бұрынғы табыс деңгейіне және әлеуметтік аударымдардың көлеміне байланысты есептеледі.
Төлемдердің жалпы сомасы 11,9 млрд теңге болды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскерге:
- eGov.kz порталында авторизациялану;
- "Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" бөлімінде "Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу" қызметін таңдау;
- онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет;
- бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі мансап орталығы (бұдан әрі – МО) бос жұмыс орындарын ұсынады;
- егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда сізге МО қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін хабарласады);
Бұл қызметті онлайн режимінде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.
Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде Еңбекминінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-дан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.
Естеріңізге сала кетейік, МӘСҚ қаражаты есебінен жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адамды ол жұмыс іздеген кезеңде қолдауға арналған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:06, 27 ақпан 2026
Солтүстік Қазақстанда қаржылық алаяқтыққа қатысты тергеу қорытындысы жарияланды
-
11:55, 27 ақпан 2026
Ақордада Сербия Президенті Александр Вучичті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
-
11:45, 27 ақпан 2026
1940 жылы серуендеп жүрген бозбала 17 мың жылдық тарихы бар құпия үңгірді тауып алған
-
11:37, 27 ақпан 2026
Пойызға кешігіп қалсаңыз да, билет ақшасын қайтаруға болады – не істеу керек
-
11:27, 27 ақпан 2026
Астанада ауа райының нашарлауына байланысты оқушылар қашықтықтан оқуға көшті





