Елордалықтарға бірден 12 автобустың қозғалыс сызбасы өзгеретіндігі ескертілді

09:54, 8 мамыр 2025

© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

2025 жылғы 8 мамырда Астана тұрғындарына 12 автобустың қозғалыс сызбасы уақытша өзгеретіндігі туралы ескертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы City Transportation Systems мәлімдеді.

"№ 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 120, 120А, 307, 317 бағдарлары "БО Merey", "Орда базары", "Көк базары", "Магнум гипермаркеті"аялдамаларында жолаушыларды уақытша отырғызып/түсірмейді",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін Алматыдағы жол бөлігінің 20 күнге жабылатындығы хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!