Елордалық тұрғын жоқ жер телімдерін сатқан
© Сурет: pexels
Алматы аудандық полиция басқармасының жедел уәкілдері Астана маңында жоқ жер телімдерін сатып жүрген 39 жастағы ер адамды анықтады.
Ұсталған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша айып тағылды. Сөйтіп, полицияға қала тұрғыны хабарласып, алаяққа 2,5 миллион теңгеге алданып қалғанын жеткізген.
Анықталғандай жәбірленуші қала іргесіндегі ауылдан үй салу үшін жер телімін алуға шешім қабылдағанын айтқан. Осы оңтайлы сәтті өз пайдасына асырмақ болған оның танысы мемлекеттік мекемемен байланысын алға тартып, жерді рәсімдеуге көмектесетініне сендірген.
Тағы бір жағдайда дәл осындай жолмен алаяқ Астана тұрғынын алдап, 3 миллион теңгесін жымқырғаны да белгілі болған. Қазіргі уақытта тәртіп сақшыларына алаяққа сеніп, ақшасын берген 4 жәбірленушіні бар екені белглі болды.
Тергеу барысында полицейлер қала тұрғындарын алдап, арзан бағаға алу үшін жәбірленушілерге өтірік сатылымдағы төмен баға қойылған жер телімдерін көрсеткенін анықтаған. Алаяқтық жасаған күдікті қылмысын мойындады.
Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі (Аса ірі көлемдегі алаяқтық) бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер атап өткендей, бұл баптың санкциясы бойынша мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:47, 26 желтоқсан 2024
«Куәгердің көзін жойған». Ақтөбе облысында тарих мұғалімі мен тіс дәрігері 19 жылға сотталды
-
17:45, 26 желтоқсан 2024
Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты
-
16:57, 26 желтоқсан 2024
Батырлар біздің арамызда: 2024 жылы ержүректілігімен елді тәнті еткендер
-
16:44, 26 желтоқсан 2024
Қызылордада 16 жастағы қызды жезөкшелікке мәжбүрлеген сауна әкімшісі сотталды
-
16:35, 26 желтоқсан 2024
Жетісулықтар Ақтау қаласы маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккендерге қан тапсырып жатыр