Елордадағы су тапшылығы мәселесіне қатысты қала әкімі мәлімдеме жасады

© Сурет: видеодан алынды
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында су қысымы мәселесіне қатысты елорда тұрғындарға үндеу мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Соңғы уақытта Астана қаласында су тапшылығы мәселесі көтеріліп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Рас, қаламызда мұндай проблема бар. Қазіргі уақытта тәулігіне 25 мың текше метр су жетіспейді. Қаламыз күн санап өсіп жатыр. Жылына кем дегенде 60-70 мың жаңа тұрғын қосылады, ал соңғы 3 жылдың ішінде қаламызда тұратын азаматтардың саны 200 мың адамға артты. Келесі мәселе – соңғы айда суару жұмысы басталып кетті. Өткен аптада болған +30 градустан асатын аптап ыстық осы аптада да жалғасады деп болжанып отыр. Бүгін де өздеріңіз жақсы білесіздер, күн райы +30 градустан асып тұр", - дейді видео үндеуде қала әкімі.
Жеңіс Қасымбек елордада осыдан 2 жыл бұрын әкімдіктің екі жаңа нысанның құрылысын бастағанын еске салды.
"Бірінші нысан – қазір өздеріңіз көріп отырғандай, мынау сорғы станциясы. Бұл нысанның құрылысы осы айдың соңына дейін толығымен бітеді және қалаға қажетті күніне 25 мың текше метр су берілетін болады. Екінші нысан – су құбыры, яғни Астана су қоймасынан қалаға келетін су құбыры. Бұл нысан да аяқталып қалды. Келесі аптада толығымен құрылыс жұмысы бітеді және қалаға қажетті су қысымы берілетін болады. Сонымен, бір айдың ішінде бүгінгі су тапшылығы мәселесі толығымен шешіледі". Жеңіс Қасымбек
Ал тамыз айында бұл станцияның екінші кезеңінің құрылысы бітеді екен.
"Тиісінше қалаға күніне қосымша 85 мың кубометр су берілу мүмкіндігі пайда болады. Бұл алдағы 3-4 жылға жеткілікті", – деп жазды елорда әкімі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:23, 24 қыркүйек 2023
Іле Алатауында адасып кеткен екі жасөспірім аман-есен табылды
-
17:12, 24 қыркүйек 2023
25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы: Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды
-
16:56, 24 қыркүйек 2023
Кентауда мұғалімдер екі ай бойы жалақысыз жұмыс істеп келген
-
16:50, 24 қыркүйек 2023
Діни дәстүршілдік, гуманистік рационализм: Şam театры екінші маусымын «Иран конференциясы» спектаклімен ашады
-
16:07, 24 қыркүйек 2023
Азия ойындарында Қазақстан Париж Олимпиадасының екінші лицензиясына қол жеткізді