Таразда түнгі рейдтер күшейтілді: заң бұзған ойын-сауық орындарына шара қолданылды
© Фото: Zakon.kz
Жамбыл облысында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кафе-барлар мен ойын-сауық орындарына бақылау күшейтілді.
Рейдтік іс-шаралар барысында Тараз қаласындағы "Лорд" дәмханасында түнгі уақытта жасөспірімдердің болғаны анықталды. Аталған ойын-сауық орны қаңтар айынан бері осындай құқық бұзушылықты үш рет қайталаған.
Заң талаптарын сақтамағаны үшін кәмелетке толмағандардың ата-аналары да, оларды түнгі уақытта мекемеге кіргізген кәсіпкер де әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушылықтардың жүйелі түрде қайталануына байланысты "Лорд" дәмханасының қызметі бір ай мерзімге уақытша тоқтатылды.
Жыл басынан бері түнгі уақытта тұрғын үйлерден тыс және ойын-сауық орындарында жүрген кәмелетке толмағандардың 3148 дерегі анықталып, жолы кесілген. Сондай-ақ оларды түнгі уақытта бақылаусыз қалдырғаны үшін 115 нысан иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар жасөспірімдерден 22 тыйым салынған зат (пышақ, кастет, электрошокер) тәркіленіп, ықтимал қауіптердің алдын алу шаралары қабылданды.
Айта кетейік, бұған дейін де осындай заң бұзушылықтарға жол берген "Сан Ремо" дәмханасының қызметі бір айға тоқтатылған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:04, 28 сәуір 2026
Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығына барды
-
14:56, 28 сәуір 2026
Қазақстанда «Болашақ» стипендиясы өседі: мөлшері 10–15%-ға артуы мүмкін
-
14:43, 28 сәуір 2026
Маңғыстау облысында мопед жүргізушілеріне заң талаптары түсіндірілді
-
14:25, 28 сәуір 2026
Министрлік: ХҚКО жүйесі цифрландыруға байланысты өзгереді
-
14:12, 28 сәуір 2026
Қарағандыда түнгі уақытта алкоголь сатқан кәсіпкер лицензиясынан айырылды





