Елордада мұғалімдер, медицна қызметкерлері, өрт сөндірушілер баспаналы болды

14:52, 2 желтоқсан 2020

Елордада 100-ден астам отбасы жаңа пәтерге қол жеткізді. Атап айтқанда, мұғалімдер, медицина қызметкерлері, Төтенше жағдайлар департаменті, полиция қызметкерлері, әлеуметтік қызметкерлер, мәдениет және спорт қайраткерлері баспана алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің "Инстаграм" парақшасында жазды.

"Тұңғыш Президент күні қала тұрғындарының тағы бір бөлігі пәтерлерінде қоныс тойын тойлайды. Бүгін мұғалімдер, медицина қызметкерлері, Төтенше жағдайлар департаменті, полиция қызметкерлері, әлеуметтік қызметкерлер, мәдениет және спорт қайраткерлері баспана алды. Аталған пәтерлерді Қазақстандық ипотекалық компаниямен бірлесіп, жылдар бойы кезекте пәтер күткен тұрғандарға бердік. Бұл бағдарлама аясында 1 мыңға жуық пәтер беру жоспарланып отыр. 350-ден астамы берілді, бүгін өз пәтерлеріне 100-ден астам отбасы кірді.

Бұған дейін ҚИК әлеуметтік пәтер алушылар санатын едәуір кеңейтті, тізімге медицина қызметкерлері мен мұғалімдерден басқа әлеуметтік қызметкерлер, Төтенше жағдайлар департаментінің, полиция департаментінің қызметкерлері, мәдениет және спорт қайраткерлері кірді. Олардың көпшілігі коронавируспен күресте алдыңғы шепте, адам өмірін сақтап, балаларымызды оқытып, қалада қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Бұл тұрғын үй бағдарламасы басқалардан ерекше. Бастапқы жарна қажет емес, пәтерді сатып алуға болады, жалдау ақысы бір шаршы метр үшін 1455 тг құрайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл Қолжетімді жеңілдікті тұрғын үй құрылысының көлемі ұлғайтылды. Алдағы уақытта бірнеше үйдің кілттері табысталады!

Баршаңызды Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын! Мемлекет тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін жағдай жасайды. Бақыт, денсаулық және амандық тілеймін!" - деп жазды Алтай Көлгінов.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!