Елордада мас күйінде көшеде киімсіз серуендеген ер адам ұсталды

10:45, 14 шілде 2026

© Фото: Zakon.kz

Астанада түн ортасында тұрғын үйлердің бірінің ауласында киімсіз жүріп, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, айналасындағыларға анық құрметсіздік танытқан 48 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлердің мәліметінше, бұл оның алғашқы әрекеті емес. Бұған дейін де аталған азамат өзенге жалаңаш күйде түсіп, жұртшылықтың назарын аударған. Алайда бұрынғы оқиғадан тиісті қорытынды шығармаған.

"Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, құқық бұзушы орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болған. Соттың қаулысымен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін құқық бұзушыға 25 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды". Астана қаласы ПД баспасөз қызметі

Бұған дейін 25 жыл түрмеде отырған қауіпті қылмыскер қайтадан күдікке іліккенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!