Тоқаев Қатар әміріне көңіл айту үшін Дохаға барды
© Сурет: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әміріне және оның әулетіне Әмір-Әке шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің дүниеден озуына байланысты көңіл айту үшін Дохаға барды.
Президент қуатты әрі өркендеген Қатар Мемлекетін құруға шейх Хамадтың өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті.
– Қазіргі Қатардың көптеген айтулы тарихи жетістігі мен халықаралық аренадағы жоғары беделі оның есімімен тығыз байланысты. Шейх Хамад әлемдік ауқымдағы мемлекет қайраткері әрі қазақ халқының досы еді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы қазақ-қатар қарым-қатынасының қалыптасып, табысты дамуына шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің зор еңбек сіңіргенін айтты.
Ол Қазақстанға екі рет ресми сапармен келді. Әмірді бірінші сапары кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрі қызметінде қарсы алған.
Мемлекет басшысы шейх Хамадтың бастамасымен Астанада әл-Фараби мешіті бой көтергенін, сондай-ақ Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асқанын еске алып, ризашылық білдірді. Бұл – екі ел арасындағы шынайы достық пен өзара түсіністіктің жарқын көрінісі іспеттес.
– Осынау қаралы сәтте Алла Тағаладан марқұмның жаны жәннатта болуын сұрап, дұға етеміз, – деді Қазақстан Президенті.
Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни арнайы келіп көңіл айтқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Қатар мен Қазақстан халықтарының бауырластық байланыстары айрықша сипатқа ие екеніне назар аударды.
Қатар тарапының бастамасымен мемлекеттер басшылары қазіргі халықаралық ахуал, соның ішінде Таяу Шығыстағы жағдай туралы пікір алмасты.
Президент Қатар Әмірін өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға сапармен келуге шақырды. Шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни шақыруды ықыласпен қабыл алды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:58, 14 шілде 2026
Рыбакина Уимблдоннан кейін WTA рейтингінде қай орынға тұрақтады
-
09:47, 14 шілде 2026
Жыл басынан бері 8 мыңнан алматылыққа арнайы әлеуметтік қызмет көрсетілді
-
09:38, 14 шілде 2026
Алматы мен Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады
-
09:26, 14 шілде 2026
Аптап ыстықта ауа баптағышсыз пәтерді қалай салқындатуға болады: ДДСҰ кеңес берді
-
09:16, 14 шілде 2026
Елімізде қанша нәзік жанды Қазақстан армиясында қызмет етеді





