Алматыдағы Алма-Арасан шатқалы уақытша жабылды

12:17, 14 шілде 2026

© Фото: Zakon.kz

13–17 шілде аралығында Алма-Арасан шатқалындағы Проходное шатқалы келушілер үшін уақытша жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің баспасөз қызметінің мәліметінше, шектеу жартасты беткейлерді бекіту жұмыстарының жүргізілуіне байланысты енгізілген.

Проходное шатқалы – Алматы қаласынан 16 шақырым жерде орналасқан тау туризмі мен демалысқа арналған ең танымал орындардың бірі. Шатқал аумағында мынадай көрікті нысандар орналасқан:

  • Үлкен Алматы көлі;
  • Үлкен Алматы шыңы;
  • Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясы.

Осыған байланысты ұлттық парк әкімшілігі тұрғындар мен туристерден уақытша шектеулерді ескеріп, сапарларын алдын ала жоспарлауды сұрады.

Бұған дейін Вьетнамда туристер мінген катер аударылып, 15 адам қаза тапқанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!