Ұшу-қону жолағындағы қоянның өлексесіне байланысты үш ұшақ Германия аспанын айнала ұшуға мәжбүр болды
© Фото: unsplash
Германияның Дрезден әуежайындағы ұшу-қону жолағындағы қоянның өлексесіне байланысты үш ұшақтың қозғалысына уақытша өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға салдарынан Ганноверден ұшып шыққан Cessna ұшағы мен Барселонадан келген Airbus A321 жолаушылар ұшағы шамамен жарты сағат бойы әуеде күту аймағында айналып ұшса, тағы бір тұрақты рейс Лейпциг қаласына бағытталды. Bild басылымының мәліметінше, оқиға 12 шілде күні кешкі сағат 20:00 шамасында болған. Ұшақ қонар сәтте қоян жолаққа қарай жүгіріп шыққан. Бұл жағдай әуе қауіпсіздігі талаптарына сәйкес міндетті қауіпсіздік хаттамасының іске қосылуына себеп болды.
"Оқиғадан кейін мамандар ұшу-қону жолағында бөгде заттардың бар-жоғын міндетті түрде тексеруге тиіс болды", – делінген жарияланымда.
Әуежай қызметкерлері мен өрт сөндіру бөлімінің мамандары өлексені алып, ұшу-қону жолағын қан іздерінен толық тазартқан.
Осыған байланысты аумақ 20:10-нан 20:40-қа дейін уақытша жабылды. Қауіпсіздік тексеруі аяқталғаннан кейін жолақ қайта ашылып, Дрезден әуежайының жұмысы қалыпты режимге көшті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:07, 14 шілде 2026
Салалар мен өңірлер басшылары экономиканың өсу көрсеткіштері үшін тікелей жауап береді - Олжас Бектенов
-
12:56, 14 шілде 2026
Қазақстанда 230-дан астам жаңа өнеркәсіптік жоба дайындалды
-
12:43, 14 шілде 2026
Қазақстанда уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың тізілімі құрылады
-
12:37, 14 шілде 2026
Қазақстандағы аптап ыстық егінге қалай әсер етуде
-
12:29, 14 шілде 2026
Семейдегі көпірде қауіпті фотосессия жасаған ақтөбелік әйел полицейлердің назарына ілікті





