Qostanai Creative Culture: Қостанай өңірінің креативті әлеуеті елордада табысты таныстырылды
© Фото: zakon.kz
Qazaq Creative Hub алаңында "Креативті индустрияларды дамыту қоры" корпоративтік қоры жүзеге асырып жатқан Creative Aimaq республикалық жобасы аясында ұйымдастырылған Qostanai Creative Culture креативті жәрмеңкесі өз мәресіне жетті.
Екі күн бойы жәрмеңке Қостанай облысының тарихи-мәдени мұрасын, ұлттық қолөнерін, авторлық брендтерін, заманауи технологияларын және креативті индустрияларын бір алаңда тоғыстырды. Іс-шараға 1 320 адам келіп, өңір креаторларының авторлық өнімдері 4 млн 414 мың теңгеге сатылды. Бұл өңірлік креативті индустриялардың экономикалық әлеуеті жоғары екенін және қазақстандық креативті өнімдерге деген сұраныстың артып келе жатқанын көрсетті.
Бағдарламаның ең айтулы сәттерінің бірі – биыл Қостанай өңірінің еншісіне бұйырған республикалық "Алтын домбыра" айтысының бас жүлдесінің көпшілік назарына ұсынылуы болды. Келушілер жүлде иегері Айбек Қалиевпен жүздесіп, атаулы домбыралар көрмесін, ұлттық музыкалық аспаптар топтамасын және тарихи тұлғаларға арналған экспозицияларды тамашалады.
Сонымен қатар Қостанай дизайнерлерінің этностильдегі сән көрсетілімі, Нью-Йорктегі MobFilm Festival халықаралық кинофестивалінің финалисі атанған "Қалам" мобильді фильмінің таныстырылымы, Қостанай өңірлік университеті студенттерінің инновациялық инженерлік жобалары мен Қазақстандағы алғашқы студенттік жарыс болиду көпшілік назарына ұсынылды.
Екі күн бойы зергерлік өнер, ағаш және былғары өңдеу, киіз басу, қыш өнері, ұлттық ою-өрнек пен сәндік-қолданбалы өнер бағыттары бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, келушілер ұлттық қолөнердің қыр-сырымен танысып, бұйымдарды жасау процесіне тікелей қатысты. Сондай-ақ еліміздегі тұңғыш фольклорлық-этнографиялық ұжымдардың бірі – "Шертер" ансамблі өнер көрсетіп, ұлттық музыкалық мұраны дәріптеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:58, 14 шілде 2026
Рыбакина Уимблдоннан кейін WTA рейтингінде қай орынға тұрақтады
-
09:47, 14 шілде 2026
Жыл басынан бері 8 мыңнан алматылыққа арнайы әлеуметтік қызмет көрсетілді
-
09:38, 14 шілде 2026
Алматы мен Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады
-
09:26, 14 шілде 2026
Аптап ыстықта ауа баптағышсыз пәтерді қалай салқындатуға болады: ДДСҰ кеңес берді
-
09:16, 14 шілде 2026
Елімізде қанша нәзік жанды Қазақстан армиясында қызмет етеді





