Елорда полицейлері өзгенің велосипедін қолды қылған ер адамды анықтады0

13:51, 13 қыркүйек 2024

© Фото: Zakon.kz

Полицияға велосипед ұрлау фактісі бойынша елорда тұрғыны жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, жоғалған екі дөңгелекті көлік кіреберістің алдында тұрған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Есіл ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 30 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын анықтады.

Белгілі болғандай, ер адам түнгі уақытта үйінің ауласында тұрған велосипедін кіреберісіне кіргізіп қою үшін далаға шыққан. Алайда қаскүнем өзінің көлігімен бірге, қауіпсіздік құлпымен бекітілмеген тағы бір велосипедті алып кеткен. Ол ұрланған екі дөңгелекті көлікті кездейсоқ адамға сатып үлгерген. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ер адам мойындау көрсетпелерін берді, оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі. Астана қаласының полиция департаменті велосипедтерді қараусыз қалдырмауға, ұрлыққа қарсы қауіпсіздік құлыптарын пайдалануға кеңес береді.

Тұрақ ретінде бейнебақылау камераларының көру аймағында жақсы көрінетін жерлерге артықшылық беріңіз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!