Елорда көшелері EXPO қарсаңында 7 млн гүл көшетімен көмкерілді
Жеті миллион. ЭКСПО көрмесі қарсаңында Астана осынша гүл көшетімен көмкеріліп, ажарлана түсті. Қала көшелері мен желек жолдардың сылқым қыздай сыланып, түрленуі үшін 2 мыңнан аса жұмысшы еңбек етуде. Елорданы абаттандыру ісінде биыл айтарлықтай өзгерістер бар. Мақсат – алыс-жақыннан ағылған қонақтарды қайран қалдыру.
Блиц:
-ЭКСПО-ға жұбайымыз екеуіміз арнайы келдік. Көрме басталуы алдында қаланы тамашалап ерекше әсерге бөленудеміз. астана өте әсем қала.
-Қаланың өзі табиғат аясы сияқты. Демалған сайын тынысың кеңе түседі. Гүлдерің молдығы мен қош иісі адамға мерекелік көңіл-күй сыйлауда.
ЭКСПО қарсаңында гүлге көмкерілген Астананы көрген қонақтар өз әсерлерін осылай білдіруде. Меймандардың көңілін аулаған елордалық бағбандар көшеге гүл егіп қана қоймай, әртүрлі пішінді туындыларды да жасай білген. Иә, бұл гүлден жасалған қазақ қыздарының мүсіні. Көптің назарын аудартар дүние екендігі сөзсіз.
Бибігүл Бектемісова, «Астана көгалдандыру құрылысы» АҚ төрағасының орынбасары:
-Мұның осылай әдемі түсуіне біздің мекемедегі дизайн бөлімі себепкер. Солардың арқасында, агрономиялық бөлім арқасында және осы өндірісте жүретіндер ақылдасып, көпжылдық гүлдер егіп отырмыз.
Мүсіндерден бөлек гүлзарлар да барынша ою-өрнекпен байытылған.
Блиц:
-Барлық жер гүлденген, бақшада жүргендей боласың. Шымкенттен, Сарыағаштан келдік.
Біріміз көріп жүрген, өзгелеріміз енді көретін тамаша дүниенің бәрі –осы мамандар еңбегі. Міне жылыжайдан соңғы гүл көшеттері шығарылуда. Астана көгалдандыру мекемесі көпті тағы қандай туындыларымен қуантпақ. Бұрын болмаған ерекше мүсіннің бірі – домбыра.
Ердәулет Байдуллаев, тілші:
-Қазір оны монтаждау жұмысы жүргізілуде. Мамандар есебінше экспозиция 5-6 күнде толық дайын болады. Домбыраның беткі жағы сары, ал артқы бөлігі қызыл түсті гүлдермен көмкерілмек.
Міне осылайша, сала мамандары ЭКСПО көрмесінің қарсаңында Елорданы абаттандыру үшін барын салып жатыр.
Ирина Байрамова, жылыжай шаруашылығының бастығы:
-Шырайгүл, ценирария, барқыт, раушан, жалпы саны 30 түрлі гүл өсірдік. Астана көшелері мен саябақтарының көркін келтіріп тұрған солар. Бұрын жылына 5 млн көшет отырғызылатын. Биыл бұл сан ЭКСПО-ға байланысты тағы 2 млн арттырылды.
Айта кетейік, биыл Астанада көгалдандыру аумағы біршама артып, 170 мың шаршы метрге дейін жетті. ЭКСПО көрмесіне көрік берген бас қаламызды күтіп-баптауға 2 мыңға жуық адам атсалысты.
Авторлары: Ердәулет Байдуллаев, Батырбек Ғаділбек
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:25, 4 маусым 2026
Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді
-
21:10, 4 маусым 2026
Павлодар облысында ауыл маңындағы жол апатынан жасөспірім көз жұмды
-
20:45, 4 маусым 2026
5 маусымда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
20:45, 4 маусым 2026
5 маусымда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасады
-
20:07, 4 маусым 2026
Инфляция төмендеп, резервтер өсіп жатыр: Тоқаевқа Ұлттық банктің 2025 жылғы есебі ұсынылды





