Елорда іргесіндегілер кәріз суы мен нәжіске батып отыр

12:06, 17 сәуір 2020
1292

Кәріз суы мен нәжіс ортасында қалдық! Елорда маңындағы 20 мың тұрғыны бар Үркер тұрғын алабындағылардың жылдағы жанайқайы осы. Жергілікті жұрт карантин уақытында дала кезуге мәжбүр. Өйткені қолқаны қабатын үйді тұтастай алып кетеді екен. Айнала мүңкіп қана қоймай, өмірді де қиындатып жіберген.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Тұрғын алабы төрт ауданға бөлінеді екен. Аталмыш аумақтың тұрғындары иісі мүңкіген кәріз, еріген қар суы бізді жылда мазалайды, дейді. Өйткені о баста Үркерде арнайы су жүретін, сіңетін құбырлар жүйесін дұрыс салынбапты.

Қарашаш Тәшенова, тұрғын:

"Екі құдықтың арасын жалғаған трубалары Қытайдың трубалары. Оның үстінен асфальт салғанда, бәрін жермен басып кеткен. Сондықтан бір құдықтан екінші құдыққа сточный воды, жүйе өтпеген".


Бұл мәселе алқапта көпқабатты үйлер пайда болысымен тағы да күрделене түскен. Неге десеңіз Үркерде кәріз жүйесі тек жеке сектор типтес нысандарға ғана арналған. Салдарынын тұрғын алқабындағы 149 пәтерлі үйдің жайы мынау.

"Үркердегі ең жаңа деген, 2018 жылы тапсырылған көпқабатты үйдің жағдайы, міне, осылай. Еденнің бәрі су. Жертөле қабатын тұрғындар арнайы техникамен, яғни су соратын көлікпен тазартып отырады. Ал егер де ондай жағдай жасалмаса, барлық жертөле осындай суға толып кетеді екен".


Әкімдік осы көпқабатты үйдің бой көтергенін құрылыс жұмыстары біткен соң бірақ біліпті. Бүгінге дейін бұл нысан қаладағы бірқатар коммуналдық шаруашылық компанияларына да тіркелмеген. Адам тұруға келмейтін үйде амалсыздан жұрт күнелтуде. Мердігер компания өкілі біздің жұмысымыздың таза екенін дәлелдейтін құжаттарымыз бар, дейді.

Қайрат Жүнісбек, құрылыс компанияның өкілі:

"Іштегі инфрақұрылымдық жүйені біз жасадық. Қалалық жүйеге қосылдық. Қалғанын әкімдік жасауы керек еді. Барлық құжаттар бар. Техникалық шарт та, жоспар мен тағы өзге қағаздар".

Алтай Көлгінов басқаратын әкімдік Үркердегі жағдайдан хабардар. Осы мәселеге жауапты орынбасары мен басқарма өкілдері су жүйесінің жаңа жоспарын жасап жатыр екен. Қалалық әкімдіктің отын-энергетикалық және коммуналдық шаруашылық басқарма өкілі барлық жұмыстар күзге дейін бітеді, дейді.

"Біз осындай көпқабатты үйлердің кәріз жүйе жоспарын жасап жатырмыз. Алдағы уақытта тағы өзге де тұрғын үйлер бой көтеретін белгілі. Сол үйлердің кәріз суы бір жерге ағуы үшін арнайы канализациялық коллектор жолын сызып жатырмыз. Құбырлардың диаметрі 600 миллиметр болады".

Елдімекендегі былықты Жемқорлыққа қарсы агенттіктіктің елордадағы департаменті қаперге алған. Қазіргі кезде мамандар барлық жағдайды тексеруде - мыс. Егер де шенеуніктер кәріз желісінен жұмысынан, кеш байқаған көпқабатты үй құрылысынан "көз қысты, бармақ басты" жайттар анықтаса, тергеу де басталмақ.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!