Елорда әкімі: Кешелі бері үйлеріңізде су қысымы артқанын байқаған боларсыздар

16:39, 10 маусым 2023

© Сурет: Zakon.kz

Астанада үйлердің кранын ағып тұрған ауыз су қысымы кешелі бері көтеріліп, жағдай тұрақтала бастады. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Кешелі бері үйлеріңізде су қысымы артқанын байқаған боларсыздар. Осыған дейін айтқанымдай, қалада 2021 жылдан бастап Астана су қоймасынан су өткізетін құбырдың жаңа тармағы және ауыз су станциясы (ССС-3) салынып жатыр. Кеше су құбырының жаңа тармағы іске қосылды. Бұл тұрғын үйлердегі ауыз судың тиісті қысымын және жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етеді", деп жазды Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның айтуынша, ауыз су станциясының (ССС-3) бірінші кезеңі маусым айының соңында аяқталады. Осыдан кейін қалада су тапшылығы мәселесі толық шешіледі.


"Құрылыстың екінші кезеңі тамыз айында аяқталады, бұл алдағы 3-4 жылға қажетті қосымша су беру қуатын қамтамасыз етеді.Бұдан бөлек, Нұра жерасты су кен орнынан су құбырын жобалау және Телман елді мекенінде ССС қуатын кеңейту бойынша жобалау жұмысы аяқталып қалды. Бұл жобалар алдағы уақытта Астананы ауыз сумен қамтамасыз етуге қажет қосымша қуат береді", делінген әкім жазбасында.

Айта кетсек, Астанада су тапшылығы орын алып, 6 маусымда қала әкімі үндеу жасады. 7 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы сумен қамтамасыз ету жағдайы туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбектің баяндамасын тыңдады.7 маусымда су тапшылығы мәселесіне байланысты бірқатар елордалықтар көшені жауып, қала әкімдік өкілі ел алдына шықты. Дәурен Бабмұратов қаладағы ауыз су тапшылығы мәселесі осы айдың соңына дейін шешілетінін айтты

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!