Еліміздің Қарулы күштерінде үш мыңнан астам азамат Отанға адал болуға ант берді

17:17, 27 мамыр 2023

© Сурет: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Елордадағы "Отан қорғаушылар" алаңында Ақмола өңірлік гарнизонының 68665 әскери бөліміне келген жастар салтанатты түрде әскери ант қабылдау рәсіміне қатысты.


Шара "Отан Ана" монументіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Оған Қарулы күштердің ардагерлері, гарнизон әскери қызметшілері, "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері, әскерге шақырылушылардың туған-туыстары қатысты.

Көктемде сапты толықтырған жастар әскери ант қабылдаған сәттен бастап Қарулы күштер қатарына қосылады. 

Әскери ант беру рәсімі – әрбір жас жігіттің өміріндегі маңызды оқиға. Дәл осы кезден бастап жас жауынгерлер Отанымыздың нағыз қорғаушысына айналады. Оларға бүгіннен бастап Отанды қорғау деген құрметті миссия жүктелді.

Әскерге келген жастардың бәрі жас жауынгер курсынан абыроймен өтіп, бір ай ішінде әскери істің негіздерін игерді. Олар жалпыәскери жарғыларды оқып, саптық, атыс және дене шынықтыру дайындығымен айналысты. 

Әскери бөлім командирі подполковник Абай Әлібеков жас жауынгерлерді айтулы оқиғамен құттықтады. Офицер оларға антқа адал болып, әскери қызметтің міндеттеріне жауапкершілікпен қарауды тіледі. 

"Бүгін сендер өмірдің жаңа кезеңіне қадам бастыңдар". Армия – бұл әр жігіт өтетін өмір мектебі. Әскери қызмет сендерді шынықтырып қана қоймайды, мұнда шыңдалып, өз қабілеттеріңе деген сенім пайда болады", - деді деді қатардағы жауынгер Даниил Павловтың анасы алматылық Ольга Александровна сарбаздарға.

Елордалық бригада командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Талғат Құлманов әскери қызметке арналған бір жыл балаларға пайдалы екенін атап өтті. Олар дене дайындығы тұрғысынан нығайып, нағыз сарбаз атанады. Сонымен қатар, олар ЖОО-ға жеңілдікпен түсу мүмкіндігіне ие болады. 

Алматы облысынан шақырылған қатардағы жауынгер Дінмұхамед Нұрболат өз ойын жеткізді. Отан қорғау қызметі олардың күш-жігерін сынауға, әскерді қуатты етуге және жауынгер достар табуға тамаша мүмкіндік екенін атап өтті. 

"Бір айда мен армияның күнделікті өміріне үйрендім, ал әскери ант қабылдаған күн әрқашан есімде қалары сөзсіз", - деді ол.

Бүгін "Оңтүстік", "Шығыс", "Астана" өңірлік қолбасшылықтарында қызмет өткеріп жатқан Құрлық әскерлері әскери бөлімдерінің үш мыңнан астам азаматы әскери ант берді.

Жас жауынгерлердің ата-аналарын әскери қызметпен және сарбаздардың тұрмыс жағдайымен таныстырды. Казармалар, асхана, оқу сыныптарын көрсетті және олардың көкейіндегі барлық сұраққа жауап берді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!