Еліміздің ішкі жалпы өнімі алғаш рет 300 миллиард доллардан аспақ - Тоқаев
© Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев "Алтын сапа" және "Парыз" сыйлығының лауреаттарын, "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі. Онда президент елімізде алғаш рет ішкі жалпы өнімі алғаш рет 300 миллиард доллардан асатындығын айтты.
Мемлекет басшысының сөзінше, бәсекеге қабілетті бизнес – кез келген мемлекеттің тірегі.
"Биыл Қазақстан экономикасының өсімі 6 пайыздан асады деп болжануда. Бұл – соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Еліміздің ішкі жалпы өнімі алғаш рет 300 миллиард доллардан аспақ",- деді ол.
Президент қазір елімізде инфрақұрылымды дамытуға, экономиканы әртараптандыруға баса мән беріп жатқанын атап өтті.
"Сондықтан Үкімет дайын өнім экспортын арттыру ісімен белсенді түрде айналысуы қажет. Қазіргі таңда бұл салада біраз жетістіктеріміз бар".Қасым-Жомарт Тоқаев
Сонымен қатар, ол өңдеу өнеркәсібіндегі қосымша құн көлемі бес жылда 25 пайыздан астам өскенін, бұл – тау-кен саласынан едәуір жоғары көрсеткіш екенін атап өтті.
"Соңғы жылдары негізгі капиталға тартылған инвестиция 70 пайызға көбейді. Нақты сектордағы еңбек өнімділігі 40 пайызға артты. Шикізаттық емес экспорт көлемі 2 есеге жуық ұлғайды. Тауарын шетелге өткізетін кәсіпорындар саны 3 есе көбейді. Соның арқасында бүгінде өнімдеріміз 140 мемлекетке шығарылады. Қазақстан тауарлары әлемдік нарықтан өз орнын алып жатыр деп күмәнсіз айтуға болады. Осы орайда, шағын және орта бизнестің рөлі айрықша екені сөзсіз". Мемлекет басшысы
Оның пікірінше, жалпы, еліміздегі кәсіпкерліктің даму қарқыны – белсенді, бүгінде олардың экономикадағы үлесі 40 пайызға жетті.
"Бес жылда шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1,5 есе артты, ал шығарылатын өнім көлемі 2,5 есе көбейді. Елімізде жұмыс істейтін азаматтардың жартысына жуығы, яғни 4,5 миллион адам бизнес саласында еңбек етеді". Президент
Бұған дейін жазғанымыздай, Қасым-Жомарт Тоқаев "Мейірім" орденін тағайындау туралы шешім қабылдағанын айтты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:55, 5 желтоқсан 2025
Жеке клиникада МӘМС бойынша медициналық қызметтерді қалай алуға болады
-
14:49, 5 желтоқсан 2025
Астанада шағын автобус пен жолаушылар автобусы соқтығысып, бір адам қаза тапты
-
14:38, 5 желтоқсан 2025
Қазақстандық бағдарламалық қамтылым өндірушісін растау ережесі бекітілді
-
14:23, 5 желтоқсан 2025
Президент: Үкіметтің алдында сапалы экономикалық өсімді қамтамасыз ету міндеті тұр
-
14:20, 5 желтоқсан 2025
Президент: Бизнестің мүддесі мен құқығын қорғау мәселесі – біздің алдымызда тұрған аса маңызды міндет





