Еліміздің бірнеше аймағында ауа райы күрт бұзылды
Еліміздің бірнеше аймағында күн райы күрт бұзылып, қалааралық қатынас қиындады. Ақтүтек боранның салдарынан көптеген көлік қар құрсауында қалған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ, жолаушылар дер кезінде құтқарылды.
Ардақ Асылханұлы, тілші
-Қарағанды өңірінде кеше басталған ақтүтек боран әлі де басылар емес. Қазір «Ұлытау-Қостанай» және «Теміртау-Астана» бағытындағы жолдар жабық. Осының салдарынан Осакаров елді мекенінің тұсында көлік кептелісі пайда болған. Шамамен 50-ге жуық жүк көлігі жол бойында тұр. Ал өткен түнде төтенше жағдай мамандары қар құрсауында қалып қойған 13 адамды құтқарды.
Айдана Жүніс, Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз хатшысы
-Жалпы зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдай департаменті халыққа ескертеді. Ауа райының бұзылуына қарамастан, смс хабарландыруға қарамастан, көбіне адамдар құлақ аспай жатады. Сондықтан барлық азаматтарға жолдың жабылғандығы туралы хабар естіген жағдайда, алыс сапарға шықпауларын ескертеміз.
Ал Ертіс өңірінде бұрқасын басталып, дабылды ескерту жарияланды. Ауа райын болжаушылардың мәліметінше, облыстың кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін күшеюі мүмкін. Бірер күн бұрын сала мамандары Павлодар-Астана жолының бойында қирап қалған Ресейлік автобустың жолаушыларын құтқарған болатын. Қоғамдық көліктің ішінде болған 28 адам жақын маңдағы жылыту пунктіне жеткізілген.
Сергей Сытник, Павлодар облыстық ТЖД төтенше жағдайларды алдын алу бөлімінің бастығы
-Облыстағы төтенше жағдайлар қызметі күшейтілген режимде жұмыс жасауда. Мамандар тәулік бойы кезекшілік атқарады. Төтенше жағдай бола қалса, оқиға орнына дереу жетуге мүмкіндік бар. Қазіргі таңда Ертіс өңірінде дабылды ескерту жарияланды. Тұрғындарға алыс жолға шықпауға кеңес береміз.
Ақмола облысында да ауа райы мінез танытып тұр. Кеше Астана-Щучинск, Астана-Павлодар бағытындағы жолдар мен өңірдің Қостанай облысымен шектесетін оңтүстік аудандарындағы халықаралық күре жолдарда көлік қозғалысы тоқтатылды. Түннен бері боранда қалған 500-ден астам көлік қар құрсауынан шығарылған. Құзырлы орган мамандарының айтуынша, зардап шеккендер жоқ әрі ешқандай көлік апаты тіркелмеген.
Қанат Доспаев, Ақмола облыстық тжд бастығының орынбасары
-Кешелі бері біз Щучинсктен Астанаға бет алған 200-ден астам автокөлікті, ал Астанадан Көкшетау жаққа жолға шыққан 300-ден аса көлікті аман-есен діттеген жерлеріне дейін жеткізіп тастадық. Олар жолдың қары толық тазаланғанша 3-4 сағат күтуге мәжбүр болды. Жолаушылар одан да ұзақ уақыт тұрып қалатын жағдай болса, біз оларды жылыту бекеттеріне апарамыз.
Ардақ Асылханұлы, тілші
-Синоптиктердің айтуынша, еліміздің кей облыстарында құбылмалы ауа райы әлі де сақталады. Сондықтан тұрғындарға абай болуды ескертеді. Мәселен, бүгін еліміздің батыс өңірінде ауа температурасы 30 градусқа жетеді деп болжанып отыр.
Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Василий Савкин, Әсет Асайынов
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:24, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан – Жапония: атом энергиясы саласында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылды
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Аяз бен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Қатты суық пен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:00, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев Санкт-Петербургке барады
-
14:56, 20 желтоқсан 2025
Біріккен Араб Әмірліктерін су басты: қаза тапқандар бар





