Елімізде су тасқынына байланысты қандай жолдар жабық

18:56, 15 сәуір 2024

© Сурет: akorda.kz

ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Өтенбаев 2024 жылы 15 сәуірде ОКҚ-да өткен брифинг барысында су тасқыны салдарынан қай облыстарда көлік қозғалысының шектелгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғалымжан Өтенбаев 15 сәуір күнгі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан үш облыстағы (Ақмола, СҚО, Қостанай) 9 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 6200 метр болатын су басу жайттары орын алғанын нақтылады. Ал бес облыста, атап айтқанда, Ақтөбе, Ақмола Атырау, Қостанай, СҚО-дағы республикалық маңызы бар ұзындығы 411 шақырым болатын автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды:

"Атап айтқанла, Ақтөбе облысында Қандыағаш пен Ембі қалалары арасындағы "Қандыағаш – Ембі – Шалқар - Ырғыз" республикалық маңызы бар жол учаскесінде қозғалыс шектелген. Атырау облысында "Мұқыр-Құлсары" автомобиль жолындағы Доссор кенті мен Құлсары қаласы арасында шектеу енгізілді", - деді ол.

Сондай-ақ ол Қостанай облысында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы бейтарап белдеуде орналасқан Желқуар өзенінде еріген судың күрт келуіне байланысты "Мариновка ауылына кіреберіс" автомобиль жолында шектеу енгізілді.

"Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне және автомобиль жолдарының жүріс бөлігі арқылы еріген судың басып кетуіне байланысты республикалық маңызы бар жолдардың алты учаскесінде қозғалыс шектеулері енгізілді. Амангелді ауылы мен Покровка арасындағы "Жезқазған-Петропавл" автожолында, сондай-ақ 952-954 шақырым учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелген". Ғалымжан Өтенбаев

Бұдан басқа, "Челябинск-Новосибирск" автомобиль жолында Мамлют айналымынан Петропавл қаласының 20 шағын ауданының айналымына дейін шектеулер енгізілді.

"Петропавл қаласын айналып өту" автомобиль жолында 3-тен 8 шақырымға дейінгі учаскеде және Оңтүстік бақылау-өткізу пунктітен Петропавл қаласының Караванная көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс шектелген. Сондай-ақ, "Петропавл – Соколовка - Ресей Федерациясының шекарасы" автомобиль жолының Якорь ауылынан Қызылжар бақылау-өткізу пунктіне дейінгі учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелген", - деді ол.

Сонымен қатар, Есіл өзеніне су деңгейінің көтерілуіне байланысты Қостанай облысының Арқалық қаласы мен Ақмола облысының Державинск қаласы арасында "Жезқазған-Петропавл" автомобиль жолында автокөлігінің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!