Елімізде соңғы 5 жылда аутизмге шалдыққандар саны 5 есе көбейді
© Фото: pexels
Қазақстанда 21 мыңнан астам балаға аутизм диагнозы қойылған. Өкінішке қарай, бұл дертке шалдыққандар соңғы 5 жылда 5 есе көбейген.
Аутистік спектордағы кінәраттың себептері әлі күнге толық анықталмай келеді.
Бұл медициналық диагноз ғана емес, баланың дамуына, қарым-қатынас жасауына және қоғамға бейімделуіне әсер ететін күрделі жағдай, деп жазады qazaqstan.tv.
Сондықтан 2 сәуір дүние жүзінде аутизм туралы ақпарат тарату күні болып бекітілген.
Аутизм – ауру емес, даму ерекшелігі. Оны ерте бастан анықтап, түзету маңызды. Аутизммен бетпе-бет келген көп отбасы қиындықпен жалғыз күреседі, бұл дұрыс емес, дейді мамандар.
Әлемде әр 100 баланың біреуі аутизм диагнозымен өмірге келеді. Қазақстанда 21 мыңнан астам бала тіркеуде тұр. Мамандардың айтуынша, диагнозды дөп басқанның арқасында баланың бойындағы кінәратты ерте анықтауға болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:56, 3 сәуір 2026
Алматыда жеке клиникада баланы сүндеттеген дәрігердің ісін арнайы комиссия қарамақ
-
10:41, 3 сәуір 2026
Үкімет 2026–2030 жылдарға арналған бокс дамуының тұжырымдамасын бекітті
-
10:35, 3 сәуір 2026
ІІМ: Ақтөбе облысында бопсалаушылар тобы ұсталды
-
10:23, 3 сәуір 2026
Үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы есепті қашан тапсыру қажет
-
10:14, 3 сәуір 2026
Астанада «Tesla» автокөлігін басқарған 14 жастағы жасөспірім полицейлерден қашып кетпек болды – видео





