Алматыда жеке клиникада баланы сүндеттеген дәрігердің ісін арнайы комиссия қарамақ
© Фото: pixabay
Алматыда дәрігердің кесірінен бес жастағы бала жыныс мүшесін зақымдап алды. Аутизммен ауыратын баланы жеке клиникада сүндеттеген, деп хабарлайды Zakon.kz.
КТК дерегіне сүйенсек, алматылық азамат баласын мұсылман қыламын деп, мүшесіз қалдыра жаздаған дәрігерлерді жазалай алмай жүр. Айтуынша, аутизммен ауыратын ұлына сүндеттеу кезінде рұқсат етілмеген наркоз салған. Арада бірнеше күн өткен соң, баланың жыныс мүшесі қарайып кеткен. Дереу клиникаға қайта жүгінген кезде, ондағы мамандар емдеуден бас тартыпты.
Оқиғадан соң бес жастағы Омар балалар емханасында бір айдан аса уақыт емделген. Қазір жағдайы қалыпты. Бірақ кіші дәрет қысқанда, зәр шығара алмай, біраз қиналады, дейді әкесі. Сәтсіз жасалған ота жеке медициналық мекемеде өткізілген. Қазір есігі жабық тұр. Арыз жазамын деген ата-ананың сөзінен сескенді ме, әлде жазадан жалтарғысы келді ме, әйтеуір бұл оқиғадан соң орталық жұмысын тоқтатқан. Дегенмен баланың әкесінің айтуынша, сүндеттеген дәрігер қазір басқа жерде жұмыс істеп жүр.
Өз кезегінде, дәрігер бұл оқиғаны телефон арқылы ғана түсіндірген. Жиырма жыл тәжірибесі бар маман осы күнге дейін мыңдаған баланы сүндеттегенін, өз тарапынан қателік кетуі мүмкін емес екенін айтты. Керісінше, жеткіншектің мұндай жағдайға ұшырауы "дұрыс күтім жасалмағаннан" деп, баланың ата-анасын кінәлады.
Баланың туғандары клиникадан ем кезіндегі кеткен шығынды толық өтеп берсін деп талап етіп отыр. Мәселенің ақ-қарасын анықтау үшін денсаулық сақтау министрлігіне арыз жазған. Ондағылар жақын уақытта арнайы комиссия құрып, тексеруге кірісетінін айтыпты.
Бұған дейін Ақтауда жүкті әйелдерге қатысты алаяқтық жасаған бухгалтер сотталғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:43, 3 сәуір 2026
Тоқаев екі жоғары әскери басшыны ауыстырды
-
11:43, 3 сәуір 2026
Тоқаев десанттық-шабуылдау әскерлері мен «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшыларын тағайындады
-
11:43, 3 сәуір 2026
Махсут Гусейнов ҚР Қарулы Күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды
-
11:24, 3 сәуір 2026
Елордада балаларға қол көтерген мұғалімнің басы дауға ілікті
-
11:16, 3 сәуір 2026
Мемлекеттік сатып алулардағы өрескел бұзушылықтар: Павлодар облысында шенеуніктер жазаланды





