Азия бадминтон федерациясы Қазақстан құрамасының екі өкілін марапаттады

21:31, 2 сәуір 2026

© Сурет: Badminton Asia

Балиде (Индонезия) Badminton Asia ұйымының есеп беру конференциясы өтіп, өткен маусым қорытындысы бойынша жыл сайынғы марапаттар табысталды.

Марапатталғандардың қатарында Қазақстан құрамасының өкілдері де бар.

Ұлттық құраманың бас бапкері Асқар Орманов спортшыларды даярлау жүйесін дамытуға ұзақ жылдар бойы қосқан үлесі және халықаралық деңгейдегі жоғары нәтижелері үшін арнайы сыйлыққа ие болды.

Ал құраманың көшбасшысы Дмитрий Панарин Asia Olympic Project бағдарламасы аясында "Жылдың үздік ойыншысы" атанды. Федерация оның ірі жарыстардағы табысты өнерін, соның ішінде Bangladesh International турниріндегі жеңісін және Iran Future Series додасындағы нәтижелі ойынын жоғары бағалады.

Айта кетейік, салтанатты шараға Badminton World Federation (BWF) президенті Khunying Patama Leeswadtrakul мен Badminton Asia ұйымының басшысы Kim Jung Soo қатысты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!