Үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы есепті қашан тапсыру қажет

10:23, 3 сәуір 2026

© Фото: freepik

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Салық кодексінің 56-бабының 6-тармағына сәйкес 493.00 нысаны – "Үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер" ұсыну талабы күшіне енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, 493.00 нысаны электрондық форматта салық төлеушінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ынан кешіктірілмей ұсынылады.

Бұл нысан әкімшілік деректерді жинауға арналған, нысан индексі – 493-0 "Қызметтер".

Нысан туралы ақпарат www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған және үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы мәліметтерді қамтиды.

Аталған нысанды мынадай қызметтерді көрсететін ұйымдар ұсынады:

  • сумен жабдықтау;
  • су бұру;
  • газбен, электрмен және жылумен жабдықтау;
  • қалдықтарды жинау (қоқыс шығару);
  • лифтілерге қызмет көрсету;
  • тасымалдау саласындағы қызметтер.

Мемлекеттік кірістер департаменті есептілікті белгіленген мерзімде уақтылы ұсыну қажеттігін еске салды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!