Семсерлесуші Нұрмұхаммед Жайлыбай жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

18:21, 2 сәуір 2026

© Сурет: olympic.kz

Рио-де-Жанейро қаласында (Бразилия) қаласында семсерлесуден жасөспірімдер мен кадеттер арасында әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың алғашқы күні Қазақстан құрамасы жүлдеге қол жеткізді. Қазақстандық Нұрмұхаммед Жайлыбай қылыштасудан қола медальға ие болды.

Отандасымыз жартылай финалға дейін жетіп, шешуші кезеңде Түркия өкілі Фуркан Яманға 13:15 есебімен жол берді. Осылайша, Жайлыбай турнирді үшінші орынмен аяқтады.

Жарыс барысында ол Венгрия спортшысы Даниэль Беркешиді (15:6), жапониялық Мотоки Кавахараны (15:7), ресейлік Ярослав Борисовты (15:14) және АҚШ өкілі Эмилио Патурзоны (15:13) жеңді.

Айта кетейік, тағы бір қола жүлдені мысырлық Ахмед Хешам иеленді. Ол жартылай финалда америкалық Уильям Морилудан жеңілді. Фуркан Яман (Түркия) жарыс жеңімпазы атанды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!