Елімізде магистратураға түсу үшін 43 мыңнан астам адам кешенді тест тапсырды

17:29, 3 тамыз 2026
MKZ: 1559427

© Сурет: pexels

ҚР Ғылым және жоғары оқу министрлігінің (ҒЖОМ) баспасөз қызметі 2026 жылы 2 тамызда магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің аралық қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған сәйкес, тестілеу басталғалы елімізде 43 мыңнан аса адам магистратураға түсу үшін КТ тапсырды.

"Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша түсушілердің 44%-ы, бейінді бағыт бойынша 21%-ы шекті балл жинады. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша орташа көрсеткіш 75 балл, бейінді бағыт бойынша 23 балл болды. Ең жоғары балл – 138". ҚР ҒЖОМ баспасөз қызметі

Тестілеу басталғалы 67 түсушінің нәтижесі жойылды. Оның ішінде:

  • 49 түсуші смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
  • кешенді тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 18 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды.
"Тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда онлайн-апелляция беруге болады. Тестіленуші емтихан аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Апелляция 7 жұмыс күні ішінде қарастырылады, одан соң сертификат түсушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады". ҚР ҒЖОМ баспасөз қызметі

Министрлік мынаны еске салады:

  • ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсу үшін кемінде 75 балл,
  • бейіндік бағыт бойынша кемінде 30 балл жинау қажет.

Естеріңізге сала кетсек, магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге 61 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Магистратурада оқуға 11 мыңға жуық грант бөлінді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!